ҰСТАЗДАРДЫҢ V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПАРТАКИАДАСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Қызылорда қаласында ҚР Оқу-ағарту министрігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК мен Салалық кәсіподақтың ұйымдастыруымен өткізілген ұстаздардың V республикалық спартакиадасы өз мәресіне жетті.
5 күнге созылған байрақты бәсекеде республиканың барлық аймағынан келген 700-ден астам қатысушы спорттың 7 түрінен сайысты.
Жарыстың жабылу салтанатында Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы А.Есжанов, ҚР Оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы Айгүл Мұқашева, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бас сарапшысы К.Жахин қатысушыларды құттықтап, сөз сөйледі.
Жарыс қорытындысы төмендегідей:
«Бес асық» бойынша:
І орын - Қызылорда облысы;
ІІ орын - Атырау облысы;
ІІІ орын - Маңғыстау облысы.
«Асық ату» бойынша:
І орын - Жамбыл облысы;
ІІ орын - Қызылорда облысы;
ІІІ орын - Жетісу облысы .
«Үстел теннисі» бойынша:
І орын - Шымкент қаласы ;
ІІ орын - Ақтөбе облысы;
ІІІ орын - Қызылорда облысы .
«Тоғызқұмалақ» бойынша:
І орын - Қызылорда облысы;
ІІ орын - Ақтөбе облысы ;
ІІІ орын - Ақмола облысы .
Волейбол ерлер арасында:
І орын - Қызылорда облысы ;
ІІ орын - Астана қаласы ;
ІІІ орын - Шымкент қаласы.
Волейбол әйелдер арасында:
І орын - Алматы қаласы;
ІІ орын - Маңғыстау облысы ;
ІІІ орын - Шымкент қаласы .
«Футзал» бойынша:
І орын - Ақтөбе облысы ;
ІІ орын - Алматы облысы ;
ІІІ орын - Түркістан облысы .
Жалпыкомандалық есепте І орын – Қызылорда облысы, І орын – Ақтөбе облысы, ІІІ орын – Шымкент қаласы.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерді шын жүректен құттықтаймыз!
-
Фото
-