САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы Айгүл Мұқашева жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келді.
Айгүл Мұқашеваның Маңғыстау облысына жұмыс сапарының бағдарламасы Ақтауда биыл ашылған «Оқушылар сарайының» қызметімен танысудан басталды.
Оқушылардың қосымша білім алуына, жан жақты дағдыларын дамытуға арналған орталық 5 мың бала қабылдай алады. Нысанның жалпы аумағы 3,6 га құрайды.
Оқушылар сарайының» басшысы Жанаргүл Жұмашева орталық қызметі туралы ақпарат берді. «Орталықтағы үйірмелер 7 бағыттан тұрады. Оның ішінде қазір спорттық, IT саласы, ән үйірмелері , заманға керек, мамандықты таңдау үшін арналған үйірмелер, Web дизайнер, Web ландшафтный дизайнер сияқты үйірмелер сұранысқа ие болуда» – деді Жанаргүл Жұмашева.
Ғимарат ішінде спорттық-техникалық аймақ, модельдерді сынауға арналған кордодромдар және зымырандар ұшыру алаңы, тынығу аймағы бар. Сондай-ақ, сурет, фото және видео шеберханалары, хореография, музыка сыныбы, көрме залы, жазба студиялары және демалуға арналған террасалар, тамақтану орыны қарастырылған. 700 адамға арналған акт залы, көрме залдары, театр өнеріне арналған залдар, әкімшілік бөлмелер, кітапхана бар.
«Президент Қ.К.Тоқаев жас ұрпақтың шығармашылық және креативті дамуының маңыздылығына әрдайым назар аударады. Мемлекет басшысының бұл бағыттағы саясатын қолдауға бағытталған қызметтеріңізге табыс тілеймін» деді А.Мұқашева.
Мұнда А.Мұқашеваның облыстың білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ активімен кездесуі өтті, оның барысында Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат ұсынылды. Кәсіподақ төрағасы өңірдегі кәсіподақ мүшелерінің ұсыныстары мен тілектерін тыңдады.
Салалық кәсіподақтың құқықтық жұмыстар бөлімі басшысы Р.Қыдырбаевамен бірге кәсіподақ мүшелерінің өзекті сауалдарына жауап берді.
Өңірдің кәсіподақ активімен кездесу жанды қарым-қатынас және өзара қызығушылық жағдайында өтті.
Кездесу соңында Салалық кәсіподақ төрағасы жағымды миссияны орындады-кәсіподақ белсенділеріне және әлеуметтік әріптестерге ҚРКФ мен сала кәсіподағының наградаларын табыс етті.
Маңғыстау облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Айжақсы Тұржанова сөз сөйлеп, кәсіподақ көшбасшыларын Салалық кәсіподақтың 100 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Бүгінгі бағдарлама аясында Салалық кәсіподақ төрағасы сондай-ақ жаңадан ашылған үш мектептің, Ақтау қаласындағы №18 орта мектебі және Мұнайлы ауданындағы №17 және №18 мектебінің кәсіподақ активімен кездесті.
Кәсіподақ мүшелерімен кездесулерде Айгүл Мұқашева кәсіподақ қызметі туралы ақпарат берді, саладағы кейбір өзекті мәселелер туралы айтты.
- Салалық кәсіподақ үшін біздің мемлекетіміз жүргізіп отырған әлеуметтік бағдарланған саясат маңызды. Біз бүгін құқықтық салада жұмыс істейміз, Кәсіподақтар туралы Заңымыз бар, Еңбек Кодексі негізіндегі кепілдіктер, әлеуметтік әріптестіктің нақты құрылған жүйесі, ұжымдық шарттар бар. Біз сала қызметкерлерінің еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғау функциясын толығымен орындап отырмыз», - деп атап өтті А.Мұқашева.
Үш жаңа мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымына Салалық кәсіподақтың қаржылай сертификаттары табыс етілді.
Кәсіподақтар үйінде Салалық кәсіподақтың құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Р.Қыдырбаева «Білім беру ұйымдарындағы еңбекті қорғау қауіпсіздігі жөніндегі өндірістік кеңестердің қызметі туралы» семинар өткізді.
Семинар барысында тыңдаушыларға техникалық инспекторлардың қызметі туралы базалық ақпараттар берілді. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың жұмысын ынталандыру және еңбек заңнамасын бұзғаны үшін тараптардың жауапкершілігі мүмкіндігімен еңбек қызметі барысында алған жарақаттармен байланысты жағдайлар қаралды.
Салалық кәсіподақтың Орталық комитетінің мамандары (Г.Бралина және А. Айтжанов) жұмыс жоспарына сәйкес Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде еңбек заңнамасының орындалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырды.
Облыстың кәсіподақ активімен кездесулер өнімді, пайдалы, конструктивті жағдайда өтті. Кәсіподақ мүшелерінің бірқатар толғандырған сауалдарына жауап берілді.
Салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашеваның Маңғыстау облысындағы жұмыс сапары ертең де жалғасады.
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының баспасөз қызметі
-
Фото
-