АЙГҮЛ МҰҚАШЕВА: «БІЗДІҢ КҮШІМІЗ-БІРЛІКТЕ!»
Салалық кәсіподақ төрағасының Маңғыстау облысына жұмыс сапары аяқталды.
Бүгін Ақтау қаласында Х.Өзбекқалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде білім беру ұйымдарының Келісу комиссияларының мүшелеріне арналған «Білім беру ұйымдарында келісу комиссиясын құру. Келісім комиссиясында еңбек дауын шешу тәртібі» тақырыбында семинар өтті.
Семинар жұмысын Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы Айгүл Мұқашева сөз сөйлеп ашты. Ол ұжымдағы жеке еңбек дауларын шешудегі Келісу комиссияларының маңызын атап өтіп, Салалық кәсіподақтың Келісу комиссиясы мүшелерін оқытуы тегін жүргізілетіні туралы ақпарат берді. Сөз соңында семинарға қатысушыларға табысты жұмыс тіледі.
Әрі қарай семинар жұмысын Салалық кәсіподақтың құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Р.Қыдырбаева жалғастырып, қатысушыларға еңбек заңнамасының нормалары туралы, еңбек дауларының алдын алу тәсілдері мен сотқа дейін дауды шешу үшін медиацияны қолдану мәселелерін түсіндірді.
А.Мұқашеваның облыстағы кәсіподақ активімен кездесуі Ақтау қаласындағы жаңа №24 жалпы білім беретін мектепте жалғасты.
Кәсіподақ басшысы жаңадан ашылған мектеп ғимаратымен танысты. Жаңадан құрылған бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерімен кездесу барысында А.Мұқашева Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат берді, ашық диалог форматында педагогтармен өзекті мәселелерді талқылады.
«Мектептегі кәсіподақ тек кәсіподақ ұйымының төрағасы ғана емес. Кәсіподақ – бұл сіздердің барлығыңыз! Иә, кәсіподақ сіздерді қорғайді, мүдделеріңізді танытады, бірақ оған әркімнің қолдауы қажет, өйткені кәсіподақтың күші бірлікте. Сіздердің жағдайларыңызды жақсарту, сайып келгенде, әрқайсыңызға байланысты. Сондықтан біздің кәсіподақ ұйымының ұраны «Біздің күшіміз - бірлікте!», - деп атап өтті А.Мұқашева.
«Мықты бастаушы-мықты кәсіподақ». Жалпы, тұтастай алғанда, кәсіподақ жұмысының нәтижелілігі бастауыш кәсіподақ ұйымының қалай жұмыс істейтініне, оны әріптестерінің қаншалықты қолдайтынына, ұйымның алдында тұрған міндеттерінің қаншалықты құзыретті шешілетініне байланысты»,- деп қосты ол.
Кездесу барысында кәсіподақ мүшелері сұрақтарына толық жауап алды. Шара қорытындысында Айгүл Мұқашева мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымына Салалық кәсіподақтың қаржылай сертификатын, 2 кіші қызметкерге шипажайға тегін жолдама тарту етті.
Маңғыстау облыстық ұйымының төрағасы Т.Байымбетова кәсіподақ белсенділерін марапаттаса, Ақтау қалалық ұйымының төрағасы К.Еңсегенова мектептің тағы 2 кіші қызметкеріне шипажайға тегін жолдама табыс етті.
Салалық кәсіподақ төрағасының 2 күн ішіндегі Маңғыстау облысының кәсіподақ белсенділерімен кездесулеріне 1000-ға жуық адам қатысты. Кәсіподақ мүшелерінің көптеген өзекті сауалдарына тұшымды жауаптар берілді, кездесулер пайдалы, өнімді, конструктивті жағдайда өтті.
Аймақта Салалық кәсіподақ мамандары өткізген семинарларға 100-ден астам адам қатысты. Семинардың барлық қатысушыларына оқудан өткені туралы сертификаттар табысталды.
Айгүл Мұқашева Маңғыстау облысына жұмыс сапарын қорытындылай отырып, Маңғыстау облыстық ұйымының өңірдегі кәсіподақ қозғалысын дамыту бағытындағы нәтижелі жұмыстарын атап өтті.
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының баспасөз қызметі
-
Фото
-