ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫНА ЖӘНЕ БАС БУХГАЛТЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР
Бүгін Астана қаласының білім беру қызметкерлері Кәсіподағының ұйымдастыруымен қосымша білім беру ұйымдарының басшыларына және бас бухгалтерлеріне арналған семинар өтті.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы» № 553 бұйрығының 43-тармағы мен 367-тармағына сәйкес бас бухгалтер және бухгалтер еңбек заңнамасын, ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды, өндірістік санитарияны, өрт қауіпсіздігінің талаптарын білуі тиіс.
Астана қаласының білім беру қызметкерлерінің Кәсіподағы төрағасы Батыр Алиев семинарға қатысушыларды ұжымдық шарт нормаларын іс жүзінде қолдану туралы және шаруашылық жүргізу құқығындағы мектептерде еңбекақы төлеу жүйесі туралы түсіндірді.
Кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын жақсарту және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы да айтып берді.
Іс-шара еркін диалог форматында жүргізілді. Семинар соңында қызметкерлер қызықтырған сұрақтарына жауаптарын алды.
-
Фото
-