«Үздік дене шынықтыру педагогі - 2024» республикалық байқауы қорытындыланды
19-22 қараша аралығында Щучинск қаласы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Үздік дене шынықтыру педагогі – 2024» республикалық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – дене шынықтыру педагогтерінің шығармашылық бастамасын қолдау, кәсіби өсуге жәрдемдесу, осы мамандық бойынша педагогтердің еңбегінің беделін арттыру.
Байқауға еліміздің әр өңірінен 19 үздік дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері қатысты.
Байқауды ҚР Оқу-ағарту министрлігі, Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағы және Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы бірлесіп ұйымдастырды.
Байқаудың апелляциялық комиссия құрамында Салалық кәсіподақтың бас маманы Асан Бітімбай болды.
Республикалық байқау 3 кезең бойынша өтті:
1-кезең — «Креативті педагог».
2-кезең — «Заманауи дене шынықтыру сабағы».
3-кезең — «Үздік спорттық-бұқаралық іс-шара».
Байқаудың қорытындысы бойынша Тимур Жиенбаев (Ақтөбе облысы) гран-при иегері атанды.
I орынды Оразбек Атамбаев (Шымкент қ.)
II орынды Аслан Жусупов (Астана қ.)
III орынды Анастасия Процак (Ақмола обл.) иеленді.
Арнайы номинация иелері:
«Креативті педагог» — Ержан Кдырменов (Қостанай обл.);
«Заманауи дене шынықтыру сабағы» — Альбина Супрун (Алматы қ.);
«Үздік спорттық-бұқаралық іс-шара» — Қайрат Жетпісов (Павлодар обл.);
«Үздік спорттық-бұқаралық іс-шара» — Азат Мейірханұлы (Түркістан обл.);
«Көрермендер көзайымы» — Елдос Қайырбеков (ШҚО).
Байқау жеңімпаздары мен арнайы номинация иегерлерін марапаттау үшін Салалық кәсіподақ демеушілік жасады.
-
Фото
-