🔹 V ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНГРЕСІ
21-24 қараша күндерінде Түркияның Анталия қаласында V Түркі әлемінің халықаралық ғылыми конгресі болып өтті. Түркия білім қызметкерлерінің кәсіподағы – «Türk Eğitim-Sen» Türk Eğitim-Sen және UEASEB ұйымдастырған дүниежүзілік конгресс жұмысы білім және әлеуметтік ғылымдар мәселесіне арналып, түрік жазушысы, қоғам қайраткері. Мехмет Зия Гөкалптың дүниеден өткеніне 100 жыл толуына орай өткізілуде.
Шараға Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы Айгүл Мұқашева бастаған Кәсіподақ өкілдері мен ЖОО оқытушылары мен жас ғалымдар қатысты.
Конгресс жұмысын «Türk Eğitim-Sen» Түркия білім қызметкерлерінің кәсіподағы төрағасы Талип Гейлан Talip Geylan сөз сөйлеп ашты.
Қатысушылар алдында Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Румыния, Солтүстік Кипр білім кәсіподақтарының өкілдері сөз сөйледі.
Конгресс аясында 50-ге жуық елден келген 1500-ден астам қатысушы Түрік әлемінің ғылыми дамуына үлес қосады.
Шараның ресми бөліміен соң әр елден келген қатысушылар ғылыми мақалаларын таныстырып, сөз сөйледі.
Қазақстан атынан қатысқандар:
Нұрлыбек Әубәкіров - Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің профсессоры, Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы «Тілдердің үштұғырлығы» орталығы жетекшісі, ф.ғ.к.;
Гүлнұр Кушанова - Маңғыстау туризм колледжінің арнайы пән оқытушысы, экономика ғыымдарының магистрі, БКҰ төрағасы;
Рымгүл Жаслан - Теміртау қаласы Қарағанды индустриялық университеті, Корпоративтік хатшы, Химиялық технология және экология кафедрасының доценті;
Жансая Сержанқызы - Абай атындағы ҚазҰПУ ІІ курс докторанты:
Камшат Айдарханова - Алматы обл., Талғар ауданы № 21 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Абай атындағы ҚазҰПУ ІІ курс докторанты;
Гүлнар Мамаева - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті филология факультеті қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры, ф.ғ.к.;
Қуаныш Мұсабеков - М.Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, БКҰ төрағасы.
Қатысушылар ғылыми еңбектерін таныстырып болған соң сауалдарға жауап беріп, ой-пікірлерін ортаға салды.
Ғылыми конгресс жұмысының қорытындысында Салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашева Aigul Mukasheva шараны ұйымдастырушы Түрік білім кәсіподағына алғысын жеткізді:
Бауырлас Түрік әріптестер мен UEASEB ұйымдастырып отырған халықаралық шараға жыл сайын Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының ұсынысымен біздің еліміздің ғалымдары, зерттеушілері мен ЖОО оқытушылары қатысады. Дүниежүзілік конгресс әр елден келген қатысушылардың өзара тәжірибе , пікір алмасатын ортақ алаңына айналды,- деп атап өтті А. Мұқашева.
Халықаралық конгресс жұмысына қатысушылардан түскен 1200-ге жуық мақала, ғылыми еңбек жұмыстары арнайы жинақ болып шығарылады.
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының баспасөз қызметі
-
Фото
-