ҚАЗАҚСТАН МЕН МОҢҒОЛИЯНЫҢ БІЛІМ КӘСІПОДАҚТАРЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА
28-29 қараша күндері Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының делегациясы - делегация жетекшісі Салалық кәсіподақтың бас маманы А.Бектабанов, Жамбыл және Жетісу облыстық ұйымдарының төрағалары Е.Мағзымбеков пен М.Төлепбергенов Моңғолия білім кәсіподағының шақыруымен Ұлан батыр қаласына барып, Моңғолия білім кәсіподағының 100 жылдығына арналған салтанатты шараға қатысты.
Шарада Қазақстандық салалық кәсіподақ өкілдері Моңғолиялық әріптестерін мерейтоймен құттықтап, Салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашеваның құттықтау хатын оқып берді.
Сапар аясында Қазақстандық делегация Моңғолия Кәсіподақтар федерациясының басшылығымен және салалық білім және ғылым кәсіподағы өкілдерімен кездесті.
Сапар соңында ынтымақтастық, жұмыс тиімділігі және тәжірибе алмасу мақсатында елдің ЖОО базасында кездесу ұйымдастырылды.
-
Фото
-