АЙГҮЛ МҰҚАШЕВА БІЛІМ КӘСІПОДАҚТАРЫНЫҢ ЕУРОПАЛЫҚ КОМИТЕТІНІҢ ҚҰРАМЫНА САЙЛАНДЫ
26-27 қарашада Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы Айгүл Мұқашева бастаған делегация Будвада (Черногория) өткен Білім кәсіподақтарының Еуропалық комитетінің конференциясына қатысты .
Конференция делегаттары мен қатысушыларына Білім Интернационалының Президенті Mugwena Мaluleke,Черногорияның Білім министрі Marko Sljukis, Черногорияның білім кәсіподағының төрағасы Radomir Bozovic және Білім Интернационалының Атқарушы директоры David Edwards құттықтау сөз сөйледі.
David Edwards өз сөзінде Larry Flanagan бастаған БКЕК кәсіподақ жетекшілеріне алғыс айтып, нағыз көшбасшылар қиындықтарды еңсере білетінін тілге тиек етті. Конференцияға жемісті жұмыс тілеп, БКЕК -не мүше елдердің білім кәсіподақтарының игілігіне арналған нақты шешімдер қабылдауға тілектестігін білдірді.
Конференцияға қатысушылардың назарына БКЕК Президенті Larry Flanagan есептік баяндамасы, қаржылық есеп, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған бюджет ұсынылды. Конференция қарарлары талқыланып, қабылданды. Сөз сөйлеушілер Еуропаның білім кәсіподақтарын толғандыратын жаһандық проблемалар туралы айтты - бұл, ең алдымен, ЕО-қа мүше елдердің үкіметтері тарапынан білім беруді қаржыландырудың қысқаруы, мамандардың қартаю көрсеткішінің артуы және педкадрлардың өткір тапшылығы, жастар арасында мұғалімдік мамандықтың тартымсыздығы және т.б. және одан шығу жолдарын ұсынды.
Содан кейін БКЕК Президенті, вице-президенттер, директоры сайланды. Президент лауазымына John MacGabhann сайланса, Jelmer Evers Комитеттің директоры болып бекітілді. Кандидаттардың бағдарламалық сөздерінен соң көпшілік дауыспен вице-президенттер сайланды
1.Lasse Bjerg Jorgensen (Дания)
2.Rob Copeland (Ұлыбритания)
3.Джулиен Фаргес (Франция)
4.Валентина Голик (Сербия)
5.Дорота Обидняк (Польша)
6.Cugui Vera Belmonte (Испания)
Сондай-ақ жаңа мерзімге БКЕК комитеті сайланды, оның құрамына Қазақстандық салалық кәсіподақтың төрағасы Айгүл Мұқашева да сайланды.
Конференция жұмысы іскерлік және сындарлы жағдайда өтті. Содан кейін жаңадан сайланған БКЕК комитетінің отырысы өтті, онда міндеттер талқыланып, алдағы кезеңге арналған жоспарлар белгіленді.
Конференция аясында «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік» акциясын қолдау шарасы өтті.
Сондай-ақ, Айгүл Мұқашева жаңадан сайланған БКЕК басшыларымен келіссөздер жүргізіп, оның барысында Салалық кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттары туралы ақпарат берді.
-
Фото
-