САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТЫҢ АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Бүгін Астанада Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының Атқару комитетінің биылғы соңғы отырысы өтті.
Салалық кәсіподақтың Атқару комитетінің мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады:
Кәсіподақ мүшелері мен балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша мүшелік ұйымдардың 2024 жылғы жұмысының қорытындысы туралы;
«Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ филиалының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі заңнаманы қадағалауға, білім және ғылым саласы қызметкерлері үшін заманауи қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасауға қатысуға қоғамдық бақылау тиімділігін арттыру жөніндегі жұмысы туралы;
Абай облыстық кәсіподақ ұйымындағы ақпараттық жұмыстың жағдайы туралы;
Кәсіподақтағы Еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссия жұмысын жандандыру туралы;
Марапаттау туралы.
Атқару Комитетінің отырысы барысында басқа да өзекті мәселелер қаралды, сондай-ақ мүшелік ұйымдардың басшыларына тәжірибелік ұсынымдар берілді.
Атқару комитеті Салалық кәсіподақтың Орталық Комитетінің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын қарастырып, талқылай отырып бекітті.
Атқару комитетінің мүшелері кәсіподақтың ағымдағы жылғы жұмысына оң баға беріп, алдағы жылға арналған кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар маңызды міндеттерді белгіледі.
Атқару комитеті отырысын қорытындылаған Cалалық кәсіподақ төрағасының орынбасары В.Беженаров барлық деңгейдегі кәсіподақ ұйымдарын жалпы кәсіподақ міндеттерін іске асырудағы өзара іс-қимылды күшейтуге шақырды.
Отырыстың күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының баспасөз қызметі
-
Фото
-