ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Өткен аптада Астанада Назарбаев Университетінің базасында «Білім беру ұйымдарында дене тәрбиесінің тұжырымдамалық негіздерін трансформациялау» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығы өткізген шараның мақсаты - білім беру ұйымдарында дене тәрбиесінің тиімділігін арттыруға бағытталған өзекті мәселелерді талқылау, тәжірибе алмасу және шешімдер ұсыну алаңын құру.
Конференция жұмысына ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Е.Оспан, Олимпиада ойындарының жүлдегерлері мен жеңімпаздары, танымал спортшылар мен ардагерлер, сондай-ақ Салалық кәсіподақтың Орталық комитеті аппаратынан бас маман А.Бітімбай қатысты.
Конференцияда Норвегия мен Кореядан келген шетелдік ғалымдар, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Халықаралық мектеп спорты федерациясының өкілдері, сондай-ақ қазақстандық ғалымдар мен спорт саласындағы мамандар баяндама жасады.
Іс-шара барысында қатысушылар саланы жетілдіру, білім алушылардың денсаулық мәдениетін қалыптастыру және басқа да өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
-
Фото
-