ОҚУ-АҒАРТУ САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ЖӨНІНДЕГІ САЛАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
17 желтоқсанда Астанада ҚР Оқу-ағарту министрлігінің конференц-залында әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Салалық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Салалық комиссияның отырысын салалық комиссияның төрағасы - ҚР Білім бірінші вице-министрі Наталья Васильевна Жұмаділдаева ашып, жүргізді .
Салалық Комиссия күн тәртібіндегі бірқатар мәселелерді қарады.
Комиссия мүшелері Қазақстан Республикасының оқу-ағарту саласындағы әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Салалық комиссияның 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті.
Атырау облысының оқу-ағарту саласындағы әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыру туралы ақпарат тыңдалды.
Отырыс барысында Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағына 2024-2026 жылдарға арналған Салалық келісімге, азаматтық қызметшілерге 6.14-тармақты қолдану бөлігіне, өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар дайындауға қатысты Салалық комиссияның 2024 жылғы 29 сәуірдегі тапсырмасын орындау жөнінде шешім қабылданды. Аталған тармақта әкімшілік персоналдар санатына жататын қызметкерлерге қосымша демалыс беру көзделген. Осы ережені іске асыру барысынла туындайтын қиындықтарға байланысты Тараптар орындаушылардың тармақты дұрыс және нақты түсінуін қамтамасыз ету мақсатында редакцияны өзгерту туралы тапсырма берді.
Комиссия мүшелері Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссия отырысының Хаттамасындағы 8-тармақты талқылады.
Тараптар әлеуметтік әріптестіктің барлық тараптары арасындағы конструктивті диалогтың маңыздылығын , бірлескен күш-жігер оқу-ағарту жүйесінің тиімділігін арттыруға және саладағы әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының баспасөз қызметі
-
Фото
-