2025 - ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫ ЖЫЛЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл - Жұмысшы мамандықтарының жылы болып жарияланды.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында Президент жұмысшы мамандарды ынталандыру үшін кәсіптік білім беруді дамыту және еңбек нарығын жүйелеу қажеттігін атап өтті.
Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалауды жүзеге асыру қажет. Жұмысшы мамандықтары жылы біздің қоғамда еңбекқорлық пен кәсіпқойлық идеясын ілгерілетуге ықпал ететін болады»,- деді Қ.К. Тоқаев.
Жұмысшы мамандықтары жылы аясында республиканың кәсіптік-техникалық білім беру саласында қандай өзгерістер болады?
Сонымен, колледждер 4 лигаға бөлінеді, жұмысшы мамандарды даярлауға арналған оқу бағдарламасы жаңартылады. Сонымен қатар, талапкерлерді жұмысшы мамандығын таңдауға ынталандыру үшін қосымша гранттар қарастырылған. Биыл колледждерде оқуға 145 мың грант бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12 мыңға артық. Машина жасау, көлік, энергетика, IT, құрылыс және инженерия сияқты техникалық мамандықтарға назар аударылады.
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағы Мемлекет басшысының жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып, саланы реформалау бастамасын толық қолдайды.
Салалық кәсіподақ өз тарапынан еңбек адамының кәсіби мүддесі мен еңбек құқықтарын қорғауға, жұмысшы адам үшін лайықты еңбек жағдайларымен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарға ерекше назар аударатын болады.
Жұмысшы мамандықтары жылы Салалық кәсіподақ өз қызметін келесі бағыттар бойынша әрі қарай да жалғастыратын болады:
сала қызметкерлерінің еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғау – еңбек саласындағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету, кемсітушіліктің алдын алу және еңбекшілердің барлық санаттары үшін тең мүмкіндіктер жасау;
еңбек жағдайларын жақсарту - жұмыс орындарында қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз ететін стандарттарды әзірлеуге және енгізуге жәрдемдесу, сондай-ақ қызметкерлер үшін әлеуметтік кепілдіктерді дамыту;
жұмысшы мамандықтарын танымал ету - білім беру бастамаларын, кәсіптік бағдарлау іс-шараларын және қоғамның оң көзқарасын қалыптастыру жөніндегі науқандарды қоса алғанда, олардың әлеуметтік маңыздылығын ілгерілету бойынша бағдарламаларды іске асыру;
мемлекеттік органдармен және жұмыс берушілермен ынтымақтастық, кәсіптік-техникалық білім беруді дамытуға және қазіргі еңбек нарығының талаптарына сәйкес келетін кадрлар даярлауға бағытталған реформаларды талқылауға және іске асыруға белсенді қатысу.
Осы бағыттардағы жүйелі жұмыс жұмысшы кәсіптерінің әлеуметтік мәртебесін нығайтып қана қоймай, еңбекті құрметтеу, әлеуметтік ынтымақтастық және әрбір адам үшін тең мүмкіндіктер қағидаттарына негізделген әділ қоғам құруға елеулі үлес қосуға мүмкіндік береді деген сенімдеміз.
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының баспасөз қызметі