Салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашеваның Жаңа жылмен құттықтауы
Құрметті достар! Қадірлі әріптестер!
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағы және жеке өз атымнан Сіздерді келе жатқан жаңа 2025 жылдарыңызбен құттықтаймын!
Жаңа жыл - өткен жылдың қорытындысын жасап, келер жылға мақсат-міндеттерді белгілейтін маңызды сәт. 2024 жыл – Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағы үшін айтулы кезең, межелі мерзім болды: Салалық кәсіподақ ғасырлық белесін бағындырды. Қалыптасқан даңқты дәстүрлерімізді сақтай отырып, біз кәсіподақ қозғалысының тарихында жаңа даму кезеңіне аяқ бастық.
Бастауыш ұйымнан бастап Орталық комитетке дейінгі кәсіподақ органдарының әрбір атаулы жылдағы жоғары көрсеткіші – біздің күн сайынғы қажырлы ортақ жұмысымыздың нәтижесі. Алдағы 2025 жылы саладағы ортақ мәселелерді шешіп, маңызды мақсаттарға қол жеткізу міндеті тұр.
Жаңа жыл жаңа жетістіктер, игі істерді жүзеге асыру жылы болсын! Жылан жылы елімізге ырыс-ынтымақ, әр шаңыраққа бақ-береке, мол жақсылық әкелсін.
Ойға алған арман-мақсаттарыңыз орындалып, жаңа бастамаларыңыз табыс, сәттілікпен сабақтасқай! Жыл құтты болсын!
құрметпен,
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағы төрағасы
Айгүл Мұқашева