ПЕДАГОГТАРҒА АРНАЛҒАН БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫ
Астана қаласының білім беру қызметкерлерінің Кәсіподағы педагогтерге арналған біліктілікті арттыру курстарын өткізуді жалғастырып жатыр.
5 қаңтардан бастап «Инклюзивті мәдениетті қалыптастыру. Ерекше білім беру қажеттіліктері балалардың білім беру траекториясын жоспарлау және бағалау» курсы басталды.
Кәсіподақ төрағасы Батыр Әлиев курсты ашып, құқықтық мәселелер бойынша дәрістер өткізді. Сондай-ақ, курс жұмысына Астана қаласының білікті оқытушылары қатысады.
Біліктілікті арттыру курсынан сәтті өткен тыңдаушыларға сертификат беріледі және ол сертификат аттестаттауда портфолио қалыптастыру үшін жарамды.
Бұған дейін Кәсіподақ ҚР БҒМ-нің 04.05.2020 ж. № 175 «Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламаларына оң сараптамалық қорытынды алғандығы туралы хабарланған болатын:
- қазақ тілі мен әдебиеті;
- биология;
- арнайы педагогика;
- инклюзия;
- менеджмент.
Курстардың бағдарламалары ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тізіліміне енгізілген.
Курстар педагогтерге кәсіби дағдыларды жетілдіруге және білімді арттыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар санат бойынша аттестаттаудан өтуге ықпал етеді.
-
Фото
-