ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК БЕРІП, ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗДІ
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының маманы Айжарық Серімбетов Хромтау ауданына жұмыс сапары барысында Хромтау тау-кен жоғары техникалық колледжінде, “Хромтау ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті” мекемесінде, №1 Хромтау орта мектебінде, №2 Хромтау гимназиясында және №7 “Еркетай” бөбекжай-балабақшасында болды.
Жұмыс сапары барысында бастауыш кәсіподақ ұйымдарындарының жұмысына назар аударып, әдістемелік көмек көрсетті. Ұжымдық шарт міндеттемелерінің орындалуы туралы мәлімет беріп, еңбек шарттарының дұрыс жасалуын қарады.
Сондай-ақ, кәсіптік-техникалық білім мекемесінің, мектепке дейінгі білім беру ұйымы мен жалпы орта білім беретін мекеменің басшыларымен кездесу барысында әлеуметтік әріптестік туралы келісімде көрсетілген міндеттемелерді талқылады.
-
Фото
-