АҚТӨБЕДЕ КӘСІПОДАҚ ЗАҢГЕРЛЕРІ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗДІ
Салалық кәсіподақ білім беру ұйымдарындағы өз мүшелерінің құқығын қорғау, еңбек заңдылықтарының сақталуын жіті назарда ұстайды. Мұғалімдер мен өзге де қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайларының жақсаруына, құқығының қорғалуы на әркез көмек беріп, қолдау көрсетеді. Осы мақсатта “Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кəсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы” қоғамдық бірлестігінің өкілдері өңірдегі білім беру ұйымдарына барып, қоғамдық бақылау жүргізуде.
Бүгін аталған ұйымның заңгерлері Александр Алимпиев пен Нұрлан Жетпісбай Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжіне барды.
Облыстық ұйымның заңгерлерімен кездесуде кәсіподақ мүшелері біліктілік санатын алу тәртібі, жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы, еңбек өтілі және оған байланысты еңбек демалысын беру, қоса атқарылатын жұмыс кезінде туындайтын мәселелер, нормативтік оқу жүктемесі сияқты көптеген сұрақтар қойып, нақты жауап алды.
Басқосудан соң, кәсіподақ өкілдері жоғарыда аталған білім ордасының бастауыш кәсіподақ ұйымында болды. Еңбек заңнамасының қолдану ерекшеліктері мен оқытушылар мүддесін қорғау, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңестер берді.
-
Фото
-