![](/static/pressapp/news/aee69a7d7f29fb47c827d7244a4f4f3c1280x720.jpg)
ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН АЛҚА ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Елордада ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Қазіргі білім: сапа және менеджмент, заманауи инфрақұрылым, балалардың қауіпсіздігі, экономика үшін маман даярлау» тақырыбында кеңейтілген алқа отырысы өтті.
Отырыс жұмысына ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаев, Министрлік өкілдері, білім басқармаларының, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары, педагогтар, сарапшылар, сала ардагерлері, сондай-ақ Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының өкілдері қатысты.
Отырыс барысында Министр Ғ.Бейсембаевтың Министрліктің 2024 жылғы жұмыс қорытындыларына арналған кең көлемді баяндамасы тыңдалды.
Ведомство тарапынан Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында бірқатар жұмыс атқарылған.
Ғани Бектайұлы саланың кадрлық әлеуетін нығайту, мектепке дейінгі, орта және техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.
Сондай-ақ алқа отырысында ғалымдар, педагогтар, ата-аналар, сараптамалық және бизнес-қоғамдастық өкілдері сөз сөйледі. Олардың қатарында педагогика ғылымдарының докторы, профессор Жауымбай Қарамбаев, Ұлттық құрылтай төрағасының орынбасары Бибігүл Жексенбай, ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі доктор Рашед Мұстафа Сарвар және т. б. бар.
-
Фото
-