
БУХАР ЖЫРАУ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН СЕМИНАР-КЕҢЕС
Бухар Жырау ауданының Үштөбе орта мектебінде білім беру ұйымдарының басшыларына арналған семинар-кеңес өтті. Атаулы іс-шараны Қарағанды облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы мен облыстық білім басқармасы бірлесіп ұйымдастырды. Семинар еңбек заңнамасының білім беру саласындағы өзекті мәселелерін талқылауға және кәсіподақтың қызметкерлерді құқықтарын қорғаудағы рөлін түсіндіруге арналды.
Іс-шараға Қарағанды облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Алмагүл Ракишева, Қарағанды облысы бойынша Еңбек инспекциясы комитеті департаменті бөлімінің басшысы Саягүл Еркебекова, аталмыш департаменттің бас маманы Әсем Қасымова және облыстық кәсіподақтың еңбек инспекторы Татьяна Миллер қатысты.
Семинар барысында еңбек заңнамасының негізгі аспектілері, еңбек жағдайлары, қызметкерлердің құқықтары, еңбек қатынастарының дұрыс ресімделуі, сондай-ақ келісімдер мен ұжымдық шарттардың орындалуы сияқты мәселелер жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар, еңбек нормаларын сақтауды және қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз етуге байланысты құқықтық мәселелерге ерекше назар аударылды.
Облыстық кәсіподақ төрайымы өз сөзінде кәсіподақтың қызметі, оның міндеттері мен жетістіктері, кәсіподақ мүшелеріне көрсетілетін қолдау туралы егжей-тегжейлі баяндады. Баяндаманың маңызды бөлігі еңбек қатынастарын реттейтін және білім саласы қызметкерлеріне берілетін қосымша кепілдіктер ұсынатын ұжымдық шарттарға арналды.
Семинарға қатысушылар мұндай кездесулердің білім беру ұйымдарының басшылары мен қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыруда, сондай-ақ кәсіподақтар, білім беру ұйымдары мен мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Мұндай шаралар еңбек мәселелерін шешу үшін ашық әрі тиімді жағдайлар жасауға және қызметкерлердің құқықтарын қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Іс-шара ұйымдастырушылары осындай семинарлардың әлеуметтік әріптестікті дамытуда және білім беру саласы қызметкерлерінің еңбек жағдайларын жақсартуда шешуші рөл атқаратынын атап өтті.
-
Фото
-