
САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТЫҢ АТҚАРУ КОМИТЕТІ: ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ЖӘНЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ АЯСЫНДАҒЫ ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
Бүгін Астанада Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының Атқару комитетінің биылғы жылдағы бірінші отырысы өтті.
Атқару комитеті 2024 жылғы жиынтық статистикалық есептіліктің, құқық қорғау жұмысының және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтің қорытындыларын, сондай-ақ кәсіподақтың басқа да өзекті мәселелерін қарады.
Кәсіподақ мүшелігі және кәсіподақ органдары бойынша 2024 жылғы жиынтық статистикалық есептілік туралы ақпаратты кәсіподақтың орталық комитеті аппаратының ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің басшысы Е.С.Иманбаев ұсынды.
Салалық кәсіподақ жалпы саны 594 421 кәсіподақ мүшесі бар 22 мүшелік ұйымды біріктіреді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 9 963 адамға көп.
2024 жылы жұмыс істейтін кәсіподақ мүшелері – 581 757 адамды құрады (2023 жылы – 571 681 адам), бұл 10 076 адамға артық.
2024 жылы кәсіподақ құрамында 8 605 бастауыш кәсіподақ ұйымы бар, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 231-ге көп.
Кәсіподақта оқытудан барлығы 77 718 адам өтті, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 5676 адамға артық: кәсіподақ ұйымдарының төрағалары – 8 428, кәсіподақ активі – 13754, тексеру комиссиясының мүшелері – 10 403, келісу комиссиясының мүшелері – 17 790 және кәсіподақ мүшелері – 27 343.
Атқару комитеті отырысы барысында кәсіподақтың 2024 жылғы құқық қорғау жұмысы мен еңбекті қорғау жөніндегі қызметінің қорытындылары шығарылды.
Кәсіподақтың орталық комитеті аппаратының құқықтық жұмыс және ЕҚжЕҚ бөлімінің басшысы Р.Қыдырбаеваның ақпараты бойынша, қызметкерлерді қорғау тәсілдерінің бірі - өтініштермен және консультациялық қызметтермен қамтамасыз етілген жұмыс.
Есепті жылы барлығы 34 201 кәсіподақ мүшелерінің өтініштері (47 565 жылы 2023 жылы) қаралды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 28,1%-ға аздау. Өтініштердің ең көп саны еңбекақыға байланысты – 13 382, еңбек және ұжымдық шарттардың талаптарын орындамауына байланысты – 2 753.
Кәсіподақ заңгерлері қызметкерлерге жеке еңбек дауларын келісу комиссияларында қарауға 715 (547) жағдайда құқықтық көмек көрсетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 30,7%-ға, соттарда 52 (42) жағдайға өскен.
Құқықтық қызметтің жәрдемдесуімен есепті жылы 24 заңсыз жұмыстан босатылған қызметкерлер - кәсіподақ мүшелері жұмысқа қайта алынды, оның ішінде төмендегі ұйымдарда: Павлодар облысында - 7 (2–еуі келісу комиссиясы арқылы, 5-еуі сот арқылы), Ақтөбеде - 5 (5-еуі де келісу комиссиясы арқылы), Ақмолада – 4 (4-еуі де келісу комиссиясы арқылы), Жамбыл облысы- 2 (2-еуі де келісу комиссиясы арқылы), Шығыс Қазақстан облысында - 2 (2-еуі келісу комиссиясы арқылы), Солтүстік Қазақстанда - 1 (1-еуі келісу комиссиясы арқылы), «Қамқор» Алматы облысында - 1 (1-еуі келісу комиссиясы арқылы).
Сонымен бірге, келесі мүшелік ұйымдар келіссөздер жүргізу арқылы қызметкерлерді заңсыз жұмыстан босатудың алдын алды: Қызылорда облысын -60, Ақмола облысы -9, Ақтөбе облысы -7, Павлодар облысы – 3, Шығыс Қазақстан облысы - 2, Солтүстік Қазақстан облысы - 2, сондай-ақ Абай облысында-15, Жетісу облысында -3, «Қамқор» Алматы облысында - 4.
Қоғамдық бақылау құқықтық қорғаудың неғұрлым тиімді және мәнді нысаны болып қала бермек. 2024 жылы еңбек заңнамасының орындалуына қоғамдық бақылау жүргізу аясында 2 653 тексерулер өткізілді. Бақылау жүргізу барысында 4828 еңбек заңнамасының бұзылуы анықталды. Оның ішінде 1 355-і еңбекке ақы төлеу бөлігінде, 1 419-ы еңбек қатынастарын ресімдеу бойынша және 464-і жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі бойынша.
Жалпы еңбек заңнамасының бұзушылықтардың тұтастай құрылымының ішіндегі жалпы санынан ең көп саны еңбек қатынастарын ресімдеу – 29,4% (1419/4828) және еңбекке ақы төлеу – 28% (1355/4828) бұзушылықтары бойынша орын алады.
Осылайша, есепті жылы еңбек заңнамасының орындалуына қоғамдық бақылауды жүргізу бойынша қамту жалпы республика бойынша – 30,8% (25,2%) құрады.
Құқықтық қызметтің тиімділігін сипаттайтын негізгі сапалық көрсеткіштер: қайтарылған ақшалай қаражат, кәсіподақ мүшелеріне заңсыз ұсталған немесе төленбеген сомалар болып табылады, есепті жылы бұл 759.740.904 теңгені құраса, құқықтық қызметтің экономикалық тиімділігінің сомасы – 2 355 423 388 теңгені құрайды.
Облыстардың кәсіподақ ұйымдарындағы қызметкерлерге қайтарылған сомалардың ең көбі: Жамбыл облысына – 176. 820.591 (23,3%) теңге, Павлодар облысына – 146.265.349 (19,3 %) теңге, Қызылорда облысына – 131.053.100 (8,4%) теңге, Маңғыстау облысына – 61.101.000 (8,0%) теңге, Ақтөбе облысына – 55.378.667 (3,5%) теңге және Солтүстік Қазақстан облысына 52.109.393 (3,3%) теңге тиесілі.
Есепті жылы кәсіподақтың жұмыс істейтін 1 мүшесіне шаққандағы экономикалық тиімділік – 4 130 теңгені құрады. Өңірлер бөлінісінде ең үлкен тиімділік төмендегі ұйымдарда құрады: Павлодар облысы – 21 547 теңге, Жамбыл облысы – 16 725 теңге, Қызылорда облысы - 2 669 теңге, Маңғыстау облысы – 2 154 теңге, Ақтөбе облысы - 2 136 теңге, Солтүстік Қазақстан облысы -2 124 теңге және Шығыс Қазақстан облысы - 1 263 теңге.
Салалық кәсіподақ еңбекті қорғау саласында кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша бірқатар жұмыстар атқаруда.
2025 жылдың 1 қаңтарына салалық мекемелер мен кәсіпорындардағы кәсіподақ құрылымдарының қатысымымен еңбекті қорғау жөніндегі 8 306 өндірістік кеңестер жасақталды.
2023 жылмен салыстырғанда Кәсіподақ құрамындағы өндірістік кеңестер саны 283-ке артты.
2024 жылдың есепті кезеңіне техникалық инспекторлардың сандық құрылымы – 8 424 адамды құрайды, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 300 адамға артық.
Техникалық инспекторлармен еңбек жағдайлары бойынша 5 024 тексерулер жүргізілді, оның ішінде өндірістік кеңестердің бастамасымен – 3 050, қызметкерлердің бастамасымен – 450, басқа тексерулер – 1 524.
Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша 2142 бұзушылық анықталды. 1920 қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша бұзушылықтар жойылды.
2024 жылы ұсынылған деректер бойынша өліммен аяқталған жазатайым оқиғаларға жол берілген жоқ. Осы саладағы проблемалық мәселелерді оң шешуге Қазақстан Республикасының 2024-2030 жылдарға арналған қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын, өнеркәсіптік қауіпсіздіктің 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын, Қазақстанда лайықты еңбекке жәрдемдесу жөніндегі Жол картасын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын шаралар ықпал етті.
Жарақаттану көрсеткіштері:
- жеңіл жарақат алғандар – 5 қызметкер;
- ауыр жарақат алғандар – 23 қызметкер;
- қаза тапқандар – 0.
2024 жылы ауыр жарақат алғандар саны 2023 жылмен салыстырғанда 12 қызметкерге артты, ал, жеңіл жарақат алғандар саны 2023 жылмен салыстырғанда 7 қызметкерге азайды. Өліммен аяқталған жазатайым оқиғалардан зардап шеккендердің саны 6-дан 0-ге дейін азайды.
2024 жылы өндірістегі жазатайым оқиғалардың ең көбі Қызылорда облысында (5 жағдай), Ақмола облысында (4 жағдай), Павлодар облысында (4 жағдай) тіркелді.
Есепті кезеңде мүшелік ұйымдармен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша 544 семинар өткізілді, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 107-ге артық.
Отырыс барысында Атқару комитетінің мүшелері күн тәртібіндегі негізгі мәселелерді талқылап, келесідей құжаттарды бекітті:
Кәсіподақ кадрлары мен активін оқыту тұжырымдамасы;
Кәсіподақ қызметкерінің әдебі туралы ереженің жаңа редакциясы;
Салалық кәсіподақтың салықтық есеп саясатының жаңа редакциясы;
Жұмысшы мамандықтар жылы аясындағы іс-шаралар жоспары.
Сондай-ақ қаржылық және ұйымдастырушылық мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
Жиын соңында Салалық кәсіподақтың мүшелік ұйымдарының қызметін жыл сайынғы бағалаудың 2024 жылғы қорытындысы шығарылды. Талдау жұмысының нәтижесі қызметтің тиімділік деңгейін, негізгі жетістіктерді және әрі қарай дамыту қажет бағыттарды көрсетті.
Отырысты қорытындылай келе, Салалық кәсіподақ төрағасы А. Мұқашева кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын қорғауды күшейту, құқық қорғау қызметінің тиімділігін арттыру және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев жариялаған 2025 - жұмысшы мамандықтар жылы аясында еңбек жағдайларын жақсарту қажеттігіне назар аударды.
А Мұқашева әріптестерін жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыруға және жұмысшылардың мүдделерін қорғауға бағытталған іс-шараларды іске асыру үшін мемлекеттік органдармен және жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды күшейтуге шақырды.
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының баспасөз қызметі
-
Фото
-