САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТЫҢ ЕҢБЕКШІ ӘЙЕЛДЕР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ СЫР ӨҢІРІНДЕ
27-28 ақпан күндері Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының еңбекші әйелдер ісі жөніндегі комиссиясының мүшелері жұмыс жоспарына сәйкес Сыр өңірінде бас қосты.
27 ақпанда Кәсіподақтар орталығының мәжіліс залында Қызылорда облыстық білім кәсіподағы жаныңдағы еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссияның жұмыс тәжірибесімен бөлісу және тарату мақсатында отырыс болып өтті. Оған Салалық кәсіподақтың Еңбекші әйелдер ісі жөніндегі Комиссиясының төрағасы И:Сақауова бастаған Комиссия мүшелері, Қызылорда облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Қ.Каримова, «Анаға тағзым» орталығының директоры, «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының жетекшісі А.Молжанова, Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығы, аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы М.Нәлібаев, қоғам қайраткері, сала ардагері, Қызылорда облыстық әйелдер кеңесінің төрағасы Р.Байназарова, Қызылорда облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Г.Есқалиева мен кәсіподақ активі қатысты.
Шара аясында Салалық кәіподақтың Еңбекші әйелдер комиссиясы мүшелеріне Қызылодадағы «Анаға тағзым» орталығы, Сеул ұлттық ғылым және технология университеті мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің әріптестігі аясында қолға алынған Жасанды интеллект институты, облыс орталығындағы «Оқушылар сарайы», сондай-ақ С.Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі ғимаратымен танысты.
Шара қорытындысында Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Қызылорда облыстық ұйымы мен Қызылорда облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы, «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанаты арасындағы өзара ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылып, өңірдегі кәсіподақ белсенділері марапатталды.
-
Фото
-