
ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК АЯСЫНДА СЕМИНАРЛАР ӨТТІ
11-ші ақпанда Жетісу облысында Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағы мен ҚР Оқу-ағарту министрлігінің көшпелі семинары өтті.
Мақсаты:
Еңбек қатынастары мен аттестациялау қағидаларын түсіндіру;
Еңбекақы төлеу жүйесі туралы ақпарат беру;
Білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтарын тағайындау мәселелерін талқылау;
Айгүл Мақсатқызы Мұқашева – «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіптік одағы» төрағасы;
Айман Тельманқызы Дүйсембаева – ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитетінің мемлекеттік саясатты іске асыруды талдау және мониторингілеу басқармасының басшысы (ZOOM арқылы);
Гүлайым Сембіқызы Тоқпанова – ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаментінің еңбек ақыны төлеу әдіснамасы басқармасының басшысы (ZOOM арқылы);
Райхан Мамашиқызы Қыдырбаева – Салалық кәсіподақтың Құқықтық жұмыстар және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы.
Педагогтардың құқықтары мен әлеуметтік мүдделерін қорғау – басты назарда!
Бұл семинар – ұстаздардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, еңбек қатынастарын оңтайландыруға және сапалы білім беруді қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам.
Іс-шараға қатысушылар:
Жетісу облысы білім басқармасы мен сапаны қамтамасыз ету департаментінің өкілдері;
Аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшылары;
Кәсіподақ филиалдарының төрағалары;
Білім беру мекемелерінің басшылары мен есепшілері.
-
Фото
-