
ЕЛОРДАНЫҢ БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМДАРЫ ТӨРАҒАЛАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР-КЕҢЕС
Астана қаласы білім беру қызметкерлерінің Кәсіподағы бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларына арналған жыл сайынғы дәстүрлі семинар-кеңес өткізді.
Іс-шара барысында Кәсіподақ төрағасы Батыр Әлиев Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі мен білім беру саласына қатысты нормативтік-құқықтық актілердің жекелеген нормаларын іс жүзінде қолдану мәселелері бойынша мазмұнды ақпарат ұсынды.
Семинарға қатысушыларға қалалық Кәсіподақ аппаратының қызметкерлері ұйым жұмысының негізгі бағыттары мен атқарылып жатқан іс-шаралар жөнінде кеңінен баяндама жасады.
Шара еркін пікір алмасу, ашық диалог форматында өтті. Қатысушылар өздерін толғандырған маңызды сұрақтарға жан-жақты жауап алып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.
Семинар-кеңес соңында үздік бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары марапатталды.
-
Фото
-