
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтарын лауазымға тағайындау, лауазымнан босатудың жаңа Қағидаларындағы кейбір нормалар туралы
I. ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтарын лауазымға тағайындау, лауазымнан босатудың жаңа қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 89,90 және 91 тармақтарына сәйкес педагогтерді орта білім беру ұйымдарына лауазымдарға тағайындау конкурсы «Педагогты жұмысқа қабылдау» электрондық формат модулінде (бұдан әрі - Модуль) (https://hr-nobd.edu.kz/) жүзеге асырылады.
Модуль іске қосылғанға дейін мектепке дейінгі, қосымша, арнайы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымдардың педагогтерін лауазымдарға тағайындау конкурсы қағаз форматта жүзеге асырылады.
Модуль жүйесінде техникалық ақау және ақау болған жағдайда білім беру саласындағы уәкілетті органның хаты негізінде орта білім беру ұйымдарына педагогтерді лауазымдарға тағайындау конкурсын қағаз форматта жүзеге асыруға жол беріледі.
Білім беру саласындағы уәкілетті орган аталған нормалармен педагогті жұмысқа қабылдау жаңа электрондық базамен жүргізілетінін көрсетті, бұл конкурстан өту процесін оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, уәкілетті органмен GPA 3,33 балдан төмен емес тұлғалардың конкурстық рәсімдерден өтпей жұмысқа қабылдана алатын норманы айқындайтын Қағидалардың 98-тармағына толықтырулар енгізілді. Бұл тармақ келесі мазмұнда толықтырылды: «Егер педагогтің бір бос лауазымына аталған санаттағы екі немесе одан да көп тұлға үміткер болған жағдайда, таңдау GPA ең жоғары балы бойынша жүзеге асырылады». Мұндай ереже шешім қабылдау кезінде субъективті бағалауды болдырмауға бағытталған.
Сонымен қатар, педагогтың бір лауазымнан екінші лауазымға бір білім беру ұйымының ішінде ішкі ауысуын айқындайтын норма өзгеше сипатталған.
Қағидалардың 97- тармағымен үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес болған жағдайда, Кодекстің 38-бабына сәйкес жұмыс берушінің тиісті актісін шығару жолымен педагогты (бірінші басшының орныбасарын қоспағанда) бір білім беру ұйымының ішінде бір лауазымнан екінші лауазымға ішкі ауыстыруға жол беріледі деп анықталған. ҚР Әділет министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 1202 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемені қоспағанда, мемлекеттік мекеменің үлгі жарғысын және мемлекеттік кәсіпорынның үлгі жарғысына сәйкес тиісті саланың уәкілетті органы мемлекеттік мекеме басшысының ұсынымы бойынша оның орынбасарын (орынбасарларын) лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.
II. Конкурс өткізу туралы хабарландыруды конкурсты жариялаған мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында жариялау 15 күннен 20 күнге өзгертілді.
Конкурстық комиссияның сандық және жеке құрамы кеңейтілді, құрамы 7 (жеті) адамнан кем емес және оған үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, кәсіподақтар, ардагерлер кеңесі, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арасынан азаматтық қоғамның өкілі мен тәуелсіз сарапшы кіру тиіс.
Қағидалардың 16-тармағымен байқаушылар құрамы нақтыланды, оларға депутаттық корпус, үкіметтік емес ұйымдары, қоғамдық бірлестіктері, кәсіподақтар, ардагерлер кеңесі өкілдерінің арасынан байқаушы шақырылуы тиіс.
Сондай-ақ бірінші басшы лауазымына конкурсқа қатысушылар үшін апелляциялық шағымды қарау мерзімі енгізілді, ол 15 (он бес) жұмыс күнді құрайды (Қағидалардың 79-тармағы).