
КӘСІПОДАҚ ПОШТАСЫ
Білім беру ұйымдарының басшылары мен олардың орынбасарларына магистр дәрежесі үшін қосымша ақы төленеді ме?
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі» ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысымен (әрі қарай - Қаулы) реттеледі.
Жоғарыда көрсетілген Қаулының 4-Қосымшасының 10-тармағына сәйкес бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне, әдістемелік кабинет (орталық) педагогтеріне ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистр дәрежесі үшін 10 АЕК көлемінде қосымша ақы көзделген. Көрсетілген қосымша ақы тиісті дипломы болған жағдайда және негізгі жұмыс орны бойынша нақты жүктемеге қарамастан белгіленеді.
Осыған орай, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының басшысы мен оның орынбасарлары лауазымдары негізгі жұмыс орны болғандықтан магистр дәрежесі үшін белгіленген қосымша ақы төленбейді.