
БАСТАУЫШ ҰЙЫМ ТӨРАҒАЛАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР-КЕҢЕС: ЖОҒАРЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІКТІ ДАМЫТУ
22-23 мамыр күндері Алматы қаласында Қ.Сәтбаев атындағы ҚҰТЗУ базасында Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының жоғары оқу орындарының бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына арналған «Қазақстанды әлеуметтік жаңғыртудағы кәсіподақтардың рөлі» тақырыбында семинар-кеңес өтті.
Шараға ҚР Ғылым және жоғары білім, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері өкілдері, жоғары оқу орындарының бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағалары мен Салалық кәсіподақ төрағасы А.Мұқашева бастаған Орталық комитет қызметкерлері қатысты.
Семинар-кеңес жұмысын А.Мұқашева ашып, жүргізіп отырды. Ол өз сөзінде ЖОО-дағы кәсіподақтардың рөлі, саладағы әлеуметтік әріптестік туралы ақпарат берді.
Семинарға қатысушылар алдында Қ.Сәтбаев атындағы ҚҰТЗУ әкімшілік, әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры С.Шалабаев сөз сөйлеп, университеттің кәсіподақ ұйымының қызметкерлердің құқықтарын қолдау мен қорғаудағы, сондай-ақ қолайлы білім беру және жұмыс ортасын құруға жәрдемдесудегі маңыздылығын атап өтті.
ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова Қазақстанда жоғары білім беруді трансформациялау тақырыбына арналған баяндамасында еңбекті қорғау, кәсіби тәуекелдерді азайту және жұмыс орнында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін шешу үшін құқықтық реттеудің маңыздылығы зор екенін атап өтті.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты Оңтүстік филиалының жетекші ғылыми қызметкері, медицина ғылымдарының кандидаты Л. Еділбаева «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» кәсіби стандарты жөнінде баяндады.
Cеминар-кеңестің алғашқы күні Салалық кәсіподақ құрамындағы ЖОО бастауыш кәсіподақ ұйымдарының өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісті:
Торайғыров университетінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Ж.Уахитов - «Торайғыров университеті» КЕАҚ жанындағы Әлеуметтік-еңбек қатынастары мен кәсіподақ қозғалысының проблемаларын зерделеу жөніндегі ғылыми-оқу-әдістемелік орталықтың жұмыс тәжірибесін тарату».
Қ.Сәтбаев атындағы ҚҰТЗУ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы С.Марланұлы - «SATBAYEV UNIVERSITY-әлеуметтік құндылықтарға негізделген».
Л.Гумилев атындағы ЕҰУ PhD, полиграфия жетекшісі, нейродизайнер А.Бекебаева - «Сандық интеллект: нейрондық желілерге күнделікті тәжірибеде қалай қолдануға болады?».
Шараның алғашқы күні kaizencenter негізін қалаушы Қ.Мұсаевтың
«Кайдзен» жүйесі бойынша шеберлік сағатымен аяқталды.
Семинар-кеңестің екінші күні Салалық кәсіподақтың Орталық комитетінің өкілдері өзекті мәселелерді талқылауды жалғастырды
Салалық кәсіподақ төрағасының орынбасары В.Беженаров – Кәсіподақтағы әлеуметтік әріптестіктің рөлі, сала қызметкерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі Кәсіподақтың құқықтық қызметінің негізгі міндеттері.
Құқықтық жұмыс, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Р.Қыдырбаева - Еңбек заңнамасын қолданудың өзекті мәселелері, еңбек шарты, жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі келісу комиссияларының қызметі.
Бас есепші Г.Тоқабаева - Кәсіподақ ұйымдарының қаржылық-шаруашылық қызметі, кәсіподақ ұйымдарының салық салу ерекшеліктері, мүшелік кәсіподақ ұйымдарындағы бақылау-тексеру комиссиясының жұмысы туралы.
Кеңсе меңгерушісі М.Бейсембаева - Кәсіподақтағы кеңсе жұмысы, кәсіподақ органдарында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.
Бас техникалық инспектор А.Айтжанов – Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік кеңес, ҚР еңбек заңнамасының сақталуын қоғамдық бақылау.
Семинар-кеңес сұрақ-жауап сессиясымен аяқталды, оның барысында қатысушылар жоғары білім саласындағы кәсіподақтар қызметінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып және ұсыныстарын жеткізді.
Салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашева екі күндік іс-шараны қорытындылады, қатысушыларға жемісті жұмыс және сындарлы диалогы үшін алғыс білдіріп, әлеуметтік әріптестікті дамытуда және сала қызметкерлерінің құқықтарын қорғауда бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтті.
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының баспасөз қызметі
-
Фото
-