
КӘСІПОДАҚТЫҢ АРАЛАСУЫНАН КЕЙІН ПЕДАГОГ ЖҰМЫСҚА ҚАЙТА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
Білім саласында зейнеткерлік жасқа толған жұмыскерлермен еңбек шартын бұзуды оқу жылының соңына дейін қалдыру қажеттілігі жиі туындайды, себебі педагогтың ауысуы білім алушылардың оқуына кері әсерін тигізуі мүмкін.
Осыған байланысты Салалық келісімге 9.4-тармақ енгізілген, оған сәйкес зейнеткерлік жасқа толған педагогпен еңбек шарты аталған негіз бойынша оның қалауымен оқу жылының соңында бұзылады.
Мұндай жағдайларда қолданыстағы еңбек шартына қосымша келісім ресімдеудің қажеттілігі жоқ.
Соған қарамастан зейнет жасына жеткен педагогтарды оқу жылы аяқталмай жатып жұмыстан босату жағдайлары әлі де кездеседі. Осындай жағдай Жамбыл облысы Жуалы ауданында болды. Кәсіподақтың араласуынан кейін педагог жұмысқа қайта орналастырылды.
Жуалы аудандық сотының биылғы жылдың 12 мамырдағы шешімі мен ұжымдық шарт нормаларын сақтау мәселесі бойынша директорға қатысты шығарылған Жеке ұйғарым Салалық кәсіподақтың ресми сайтында жарияланды.