
КӘСІПОДАҚ ПОШТАСЫ
Зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек өтіліне даярлық курсын оқыған кезең немесе жоғары оқу орнында оқыған уақыт есептеледі ме?
Иә, есептеледі.ҚР Әлеуметтік кодекстің 208-бабы 1-тармағы 14)-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жердегі жоғары оқу орындарындағы, оның ішінде даярлық курстарындағы, арнаулы орта оқу орындарындағы, училищелердегі, мектептердегі және кадрлар даярлау, біліктілікті арттыру және қайта мамандандыру курстарындағы, аспирантурадағы, докторантурадағы және клиникалық ординатурадағы, сондай-ақ рухани (діни) білім беру ұйымдарындағы оқу жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек өтілін есептеу кезіне есепке алынады.