
САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ ПЛЕНУМЫ: ҚРКФ АЛДАҒЫ СЪЕЗІНЕ ДЕЛЕГАТТАР САЙЛАНДЫ
Бүгін 5 маусымда бейнеконференция режимінде Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының Пленумы өтті. Пленум жұмысына Салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашева бастаған Орталық комитет мүшелері қатысты.
Күн тәртібіндегі басты мәселе бойынша 2025 жылғы 11 шілдеде Астанада өтетін ҚР Кәсіподақтар федерациясының XXVII съезіне делегаттар сайланды.
Талқылау барысында Салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашева делегаттар тізімін жасау кезінде ҚРКФ барлық ұсынымдары ескерілгенін айтты. Сондай-ақ ол Салалық кәсіподақтың Федерация құрамындағы барлық мүшелік ұйымдар арасында съезге ең көп делегат жіберіп отырғанын, бұл ұйымның жоғары белсенділігі мен беделін көрсететінін ерекше атап өтті.
Пленум қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданды. Орталық комитет мүшелері қабылданған шешімдер мен сайланған делегаттар алдағы съезде кәсіподақтың позициясын нығайтуға және ұйымның одан әрі дамуына үлес қосатынына сенім білдірді.
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының баспасөз қызметі
-
Фото
-