
ДҮБІРЛІ ДОДА ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
3 маусымда басталған Жұмысшы мамандықтар жылы аясындағы Спартакиада бүгін аяқталды.
Бұл күндері спорттың бірнеше түрлері (волейбол, шағын футбол, асық ату, бес асық, үстел теннисі, тоғызқұмалақ және баскетбол) бойынша өткен жарыстар тек мықты денені ғана емес, мықты рухты да тәрбиелейтінін тағы бір дәлелдеді.
Барлық қатысушыларға, жаттықтырушыларға және төрешілерге зор алғысымызды білдіреміз. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен ынтымақтастықтарыңыздың арқасында Спартакиада жоғары деңгейде өтті.
Жалпыкомандалық есепте:
🏆Алматы қаласы жүлделі I орынды,
🏆Ақтөбе облысы II орынды,
🏆Түркістан облысы III орынды қанжығаларына байлап, биік тұғырынан көрінді.
Салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашева, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы директорының орынбасары Дархан Байбосынов және “Ұстаз” Алматы қалалық жергілікті кәсіподақ ұфымының төрағасы Серікжан Байгуттинов барлық Спартакиада қатысушыларын құттықтап, жүлделі орындарға ие болған командаларды марапаттады.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және алдағы уақытта да спортпен шұғылданып, жаңа белестерге жете берулеріңізге тілектеспіз!
Келесі Спартакиадада кездескенше!
-
Фото
-