
ЖАС МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН ДӘРІСТЕР МЕН ТРЕНИНГТЕР
Жазғы лагерьдің үшінші күні жас педгогтар үшін тәжірибе мен шабытқа толы мазмұнды бағдарламамен ерекшеленді.
“Өз құқығыңды біл” тақырыбында Р. Қыдырбаева, «Жаһандану жағдайында ұлттық құндылықтарды сақтаудың негізгі тетіктері: Деструктивті діни ағымдардың ықпалы» тақырыбында Ж.Түсіпбеков лагерь қатысушыларына дәрістерін жүргізді.
Сонымен қатар Павлодар облысынан келген жас мамандар Ү.Н. Касен мен О.А. Умаров тренинг форматында өз тәжірибелерімен бөлісті.
Ү.Н. Касен «Как рождаются идеи: тренинг творческого мышления» тақырыбында шығармашылық ойлаудың тетіктеріне тоқталып, тыңдаушыларды идея генерациясының практикалық әдістерімен таныстырды.
Ал О.А. Умаров «Эмоциональный интелект учителя. Учитель как вдохновитель. Командная работа: быть частью и вести за собой. Публичные выступления и харизма учителя» тақырыптары бойынша жүргізген тренингінде мұғалімнің эмоционалдық интеллектісі, командамен жұмыс істеу дағдылары және көпшілік алдында өзін ұстау мәдениеті жөнінде пайдалы ақпараттар ұсынып, қатысушылармен тәжірибе алмасты.
Бұл тренингтер жас ұстаздардың кәсіби дамуына серпін беріп, өзара тәжірибе алмасудың тиімді алаңы болды.
-
Фото
-