
КӘСІПОДАҚ ПОШТАСЫ
Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысында ауырып қалған кезеңіме берілген уақытша еңбекке жарамсыздық парағына жәрдемақы төлене ма?
ҚР Еңбек кодексінің (Кодекс) 133-бабы 4-тармағының 4)-тармақшасына сәйкес ақылы еңбек демалысы кезеңіне түсетін еңбекке уақытша жарамсыз күндері үшін жәрдемақы төленбейді.
Осы ретте, Кодекстің 94-бабы 1, 2 тармақтары негізінде, қызметкердің еңбекке уақытша жарамсыз болған күндері, оның өтініші бойынша жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысында болу кезеңіне толық немесе ішінара ауыстырылады.
Ауыстырылған еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша келесі жұмыс жылының еңбек демалысына қосылуы немесе жұмыскердің өтініші бойынша ағымдағы жұмыс жылында бөлек берілуі мүмкін.
Осылайша, еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақы ақылы еңбек демалысында болу кезеңіне ауыстрылған күндерге төленеді.