
АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ КӘСІПОДАҒЫНА – 25 ЖЫЛ
Астана қаласының білім беру қызметкерлері Кәсіподағының 25 жылдығына арналған Қалалық Кәсіподақ Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Салтанатты жиында қалалық ұйымның ширек ғасырлық тарихы мен жетістіктері сараланды.
Іс-шараға қалалық Кәсіподақтың Атқару комитеті мен Қалалық кеңесінің мүшелері, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен белсенділер қатысты.
Сондай-ақ отырысқа арнайы қонақтар – Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық Кәсіподағының төрайымы Айгүл Мұқашева мен Астана қаласы Кәсіподақтар орталығының төрағасы Төлеген Күнәділов және Кәсіподақ ардагерлері шақырылды.
Кеңейтілген отырыста қалалық Кәсіподақ төрағасы Батыр Әлиев баяндама жасап, ширек ғасыр ішінде атқарылған жұмыстар мен қол жеткізілген жетістіктерге кеңінен тоқталды. Ол өз сөзінде кәсіподақтың басты міндеті – ұстаздардың құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін қорғау, еңбек жағдайын жақсарту, білім саласы қызметкерлерінің мәртебесін арттыру екендігін атап өтті.
Мерекелік отырыс барысында сөз алған ардагерлер мен құрметті қонақтар ұйымның 25 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтап, жылы лебіздері мен ізгі тілектерін жеткізді.
Жиын соңында қалалық Кәсіподақ қозғалысының дамуына айрықша үлес қосқан ардагерлер мен белсенділерге алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталып.
Бұл мерейтой – тек өткен жолға көз жүгірту ғана емес, сонымен бірге жаңа биіктерге ұмтылуға серпін беретін маңызды оқиға ретінде тарихта қалды.
-
Фото
-