
Салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашева Жоғары білім қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
Сіздерді Салалық кәсіподақ атынан Қазақстан Республикасының Жоғары білім қызметкерлері күнімен құттықтаймын!
Бұл - әлі жас болса да, қазірдің өзінде танымал әрі маңызы зор кәсіби мереке. Жоғары білім саласы ел дамуында әрқашан ерекше мәнге ие. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында – дәрісханаларда, оқу зертханаларында, лекциялар мен семинарларда күн сайын еліміздің болашағы қалыптасуда.
Оқытушылық еңбек – өте күрделі еңбек. Жақсы оқытушы болу әркімнің қолынан келе бермейді. Ол үшін үлкен рухани күш пен жоғары кәсіби шеберлік қажет. Сондықтан да сіздердің еңбектеріңіз барлық кезеңде құрметті болып қала берді.
Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіздің, жауапкершіліктеріңіздің және өз ісіңізге адалдығыңыздың арқасында жоғары білім беру саласы дамып, студенттердің тұлғасы қалыптасып, еліміздің зияткерлік әлеуеті нығая түсуде.
Еңбектеріңіз әрдайым табысты болсын. Баршаңызға мықты денсаулық, бақ-береке, ғылыми-педагогикалық қызметтеріңізде жаңа жетістіктер тілеймін. Мереке құтты болсын!
Құрметпен,
төраға Айгүл Мұқашева