
Салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашева Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күнімен құттықтады
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
Сіздерді оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағы атынан Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күнімен құттықтаймын!
Бұл мереке еліміздің экономикасының тұрақты дамуына аса қажет білікті кадрларды даярлауға қомақты үлес қосып жүрген мамандарға құрмет көрсетілетін күн. Техникалық және кәсіптік білім беру саласы әрқашан ерекше мәнге ие, себебі осы сала арқылы мамандардың кәсіби дағдылары, еңбекке деген құндылықтары мен даму жолына деген ұмтылысы қалыптасады.
Сіздердің еңбектеріңіз жауапты әрі құрметті. ТжКБ жүйесінің педагогы болу жоғары кәсіби шеберлікті, шыдамдылықты және іске адалдықты қажет етеді. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында студенттер берік білім мен тәжірибелік машықтарға ие болып, өз мамандығына жол тауып, болашаққа нық қадам басады.
Баршаңызға сарқылмас қажыр-қайрат, кәсіби өрлеу және шығармашылық табыстар тілеймін. Әрбір түлектеріңіз сіздердің мақтаныштарыңызға айналып, еңбектеріңіздің нәтижесі қоғамда лайықты бағасын алсын.
еліміздің зияткерлік әлеуеті нығая түсуде.
МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!