
Салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашева Ұстаздар күнімен құттықтады
ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР,
АРДАҚТЫ ӘРІПТЕСТЕР!
Салалық кәсіподақ атынан және өз атымнан баршаңызды кәсіби мереке - Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ұстаздар күні - қоғам үшін айрықша маңызы бар мереке. Бұл күн әрбір азаматтың жүрегінде ризашылық пен құрмет сезімін оятады. Себебі, Ұстаз жас ұрпаққа білім мен тәрбие беріп қана қоймай, елдің ертеңін қалыптастыратын, ұлы жауапкершілік арқалаған тұлға.
Ұстаз болу - үлкен мәртебе, биік тағдыр, ұрпаққа жол сілтер асыл миссия.
Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз, адал еңбектеріңіз, төзімдеріңіз бен шәкіртке деген шексіз сенімдеріңіздің арқасында жас ұрпақтың қабілеті ашылып, арман-мақсаттары жүзеге асады. Бүгінгі шәкірт - ертеңгі елдің тұтқасы екенін ескерсек, сіздердің ерен еңбектеріңіз мемлекетіміздің болашағына қосылған өлшеусіз үлес.
Кәсіподақ атынан Сіздерге саладағы тынымсыз қызметтеріңіз бен шығармашылық ізденістеріңіз үшін, оқушыларыңызға деген сенімдеріңіз үшін үлкен алғыс білдіремін.
Салалық кәсіподақ ұстаздардың заңды құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғауда әрқашан сенімді тірек болып келеді және бола береді.
Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, еңбекте табыс, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін!
Әр күніңіз қуаныш пен құрметке толы болып, шәкірттеріңіздің алғысы жаңа жетістіктерге жетелей берсін!
Құрметпен, төраға Айгүл Мұқашева