
КӘСІПОДАҚ ПОШТАСЫ
Мен жоғары оқу орнында оқытушылық қызметтемін, ғылыми дәрежем – PhD докторы. Мектепке мұғалімдікке ауысқан жағдайда ғылыми дәрежеге «Педагог мәртебесі туралы» заңда белгіленген қосымша ақы төлене ме?
Мемлекеттік мекеме, қазыналық кәсіпорын қызметкерлерінің айлықақы, қосымша және үстеме ақыларының есептелу тәртібі «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қараты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 Қаулысымен (әрі қарай - Қаулы) белгіленген.
Қаулының 18 Қосымшасы 12-тармағына сәйкес 17 АЕК көлеміндегі қосымша ақы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми қызметкерлерге беріледі.
Мектеп педагогтарына көрсетілген қосымша ақы қарастырылмаған.