
КӘСІПОДАҚ ПОШТАСЫ
2002 жылы биология пәнінің мұғалімі дипломын алып, осы пәннен сабақ беріп педагог-сарапшы біліктілік санатын иелендім. 2023 жылы «Химия және биология» пәні бойынша қашықтықтан оқып, бакалавр дипломын алдым. Бүгінде химия пәнінен де сабақ берудемін.
2025 жылы биология пәнінен алған «педагог-зерттеуші» біліктілік санатым биология пәніне сақтала ма?
Педагогтарға біліктілік санатын беру, оны растау тәртіптері «Педагогтарды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен (әрі қарай - Қағидалар) реттеледі.
Қағидалардың 7-тармағына сәйкес білімі туралы дипломда бір мамандық ретінде көрсетілген пәндерді оқыту кезінде біліктілік санатын беру негізгі лауазым бойынша жүргізіледі.
Негізгі лауазым бойынша берілген біліктілік санаты білімі туралы дипломда бір мамандық ретінде көрсетілген оқытылатын пәндерге де қолданылады.
Сондықтан Сіздің жағдайда «биология» пәні бойынша берілген «педагог-зерттеуші» санаты «химия» пәніне де сақталады.