
КӘСІПОДАҚ КӨШБАСШЫЛАРЫ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ МЕДАЛЬМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Бүгін Кәсіподақтар күніне орай елордада кәсіподақ қозғалысының дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар белсенділер марапатталды. Салтанатты іс-шара Кәсіподақтар федерациясының ғимаратында өтті.
Шараны оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының төрайымы Айгүл Мұқашева ашып, қатысушыларды Кәсіподақтар күнімен және кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығымен құттықтады.
Айгүл Мақсатқызы өз сөзінде кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы Салалық кәсіподақтың ауқымды жұмысына тоқталды.
«Ағымдағы жылдың алты айында кәсіподақ ұйымына 20 360 өтініш келіп түсті, олардың әрқайсысы қаралып, бақылауға алынды. 17 654 кәсіподақ мүшесіне құқықтық көмек көрсетілді. Жұмыстан заңсыз шығарылған 12 кәсіподақ мүшесі қайтадан жұмыс орнына қайтарылды, оның ішінде сот арқылы-6, келісу комиссия арқылы - 6. Сонымен бірге кәсіподақ мүшелеріне заңсыз ұсталып қалған, дұрыс төленбеген 209 747 857 теңге қаражат қайтарылды. Көптеген мәселелер әлеуметтік әріптестіктің арқасында өз шешімін тапты. Бұл жұмыстардың бәрінде сіздердің айқын қолтаңбаларыңыз бар»,- деді Айгүл Мақсатқызы.
Мерекелік жиын барысында бір топ кәсіподақ көшбасшылары Кәсіподақтар федерациясының «Кәсіподақ қозғалысына 120 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.
Марапат иегерлері:
Оразғалинова Күлмария Уалиханқызы – Оқу-ағарту министрлігінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы;
Ақерке Абылайхан – Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы;
Сейдеш Бәкіжан Болатбекұлы – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы;
Кенжебулатова Әсия Микоянқызы – «Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы;
Илюкин Құдабай Мұрзашұлы – Білім мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы;
Бапишева Раушан Серікқызы – Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы;
Кудина Елена Алексеевна – Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы «Сәкен Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясы» КММ мұғалімі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы;
Самбетова Динара Нұрмолдақызы – Қарағанды облысы Білім басқармасының Балқаш қаласы Білім бөлімінің №24 мектеп-интернатының мұғалімі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы;
Якупов Амангелді Есенжолұлы – Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы «Жангелдин жалпы білім беретін мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы;
Винников Алексей Николаевич – Қостанай қаласы «№16 жалпы білім беретін мектебі» КММ информатика пәнінің мұғалімі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы;
Байметов Ұлықбек Шерікбайұлы – Түркістан облысы, Кентау қаласы, «Шаш төбе жалпы білім беретін мектебі» мұғалімі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы;
Жүнісов Сүндетқожа Кенжеқожаұлы – Түркістан қаласындағы «№34 жалпы білім беретін мектеп» КММ математика пәні мұғалімі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы.
Сондай-ақ, кәсіподақ қозғалысының 120 жылдық мерейтойлық медальдары мен ҚРКФ Құрмет грамоталары Орталық комитет мамандарына да табысталды.
Айгүл Мұқашева марапат иегерлерін құттықтап, олардың кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан еңбегіне алғыс білдіріп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының баспасөз қызметі
-
Фото
-