САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТЫҢ АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОНЛАЙН-ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Бүгін Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының Атқару комитетінің онлайн-отырысы өтті.
Отырыс барысында күн тәртібіндегі келесі мәселелер қаралды:
Шымкент қалалық ұйымының қоғамдық бақылау тиімділігін арттыру және қызметкерлерді құқықтық қорғау жөніндегі жұмысы туралы;
Салалық кәсіподақтың кәсіподақ кадрлары мен белсенділерін оқыту жөніндегі тұжырымдамасы аясында Алматы қалалық ұйымының кәсіподақ белсенділерін оқытудың тиімділігін арттыру жұмысы туралы;
жасанды интеллектті жаһандық енгізу дәуірінде оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағы органдарының міндеттері, сондай-ақ Кәсіподақтар федерациясы әзірлеген «Жасанды интеллект дәуірінде жұмыскерлердің құқықтарын қорғау стандартының» ілгерілетілуі;
2025 жылы кәсіподақ мүшелері мен балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша кәсіподақ мүшелік ұйымдарының жұмыс қорытындылары туралы, сондай-ақ ұйымның ағымдағы қызметіне қатысты өзге де мәселелер туралы.
Отырыс барысында Атқару комитетінің мүшелері талқыланған мәселелер бойынша бірқатар сындарлы ұсыныстар енгізіп, олардың негізінде тиісті қаулылар қабылданды.
Отырысты қорытындылаған Салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашева Атқару комитетінің мүшелеріне белсенді қатысқаны және талқылауға қызығушылық танытқаны үшін алғыс білдіріп, барлық қойылған міндеттер толық әрі белгіленген мерзімде орындалуы қажеттігін атап өтті.
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының баспасөз қызметі
-
Фото
-