«ҮЗДІК ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПЕДАГОГЫ– 2025» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ
Бүгін Щучинск қаласында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында «Үздік дене шынықтыру педагогы – 2025» республикалық байқауы басталды.
Байқаудың мақсаты – дене шынықтыру педагогтарының шығармашылық бастамасын қолдау, кәсіби өсуге жәрдемдесу, педагогтардың еңбегінің беделін арттыру.
Байқауды Салалық кәсіподақ, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» және «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы бірлесіп ұйымдастыруда.
Байқаудың ашылу салтанатына «Балдәурен» РОСО РМҚК Бас директоры Ш.Оразалин, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің “Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы” РМҚК бас директорының орынбасары Н.Дрейт, Салалық кәсіподақтың Орталық комитеті аппаратының бас маманы А.Бітімбай қатысты.
Жалпы байқау үш кезең бойынша өткізіледі:
I кезең – «Креативті педагог»;
II кезең – «Заманауи дене шынықтыру сабағы»;
III кезең – «Үздік спорттық-бұқаралық іс-шара».
Байқауға еліміздің әр өңірінен дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері қатысуда.
Қатысушыларға сәттілік тілейміз!
-
Фото
-