КӘСІПОДАҚ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ӨСКЕМЕН ТЕХКОЛЛЕДЖІНЕ САПАРЫ
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподақ төрағасы А.Мұқашева бастаған делегация Шығыс Қазақстан облысына сапары аясында Өскемен көпсалалы технология колледжінде болды.
Өскемен көпсалалы технологиялық колледжі экономиканың түрлі салаларына мамандар даярлай отырып, өңірдің кәсіптік білім беру жүйесіндегі маңызды буын болып табылады.
Сапар барысында қонақтар колледждің материалдық-техникалық базасымен, оқу орны даярлайтын мамандықтармен және оқу-өндірістік шеберханалардағы еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасының жай-күйімен танысты.
Кездесуде білім беру кеңістігінде қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру жолындағы колледждің инженер-педагог қызметкерлерінің тынымсыз еңбегі ерекше аталып өтілді.
Колледж директоры Қ.Оспанғалиев жұмысты кәсіби ұйымдастырғаны үшін
А.Мұқашевадан жоғары баға алды. Оқу орнының кәсіптік білім беруді дамытуға және өңір үшін сұранысқа ие мамандарды даярлауға қосқан үлесі ерекше атап өтілді. Мұндай оң пікір білім беру қызметінде одан әрі жетілдіру және жаңа биіктерге жету үшін жақсы ынталандыру болып табылады.
-
Фото
-