КӘСІПОДАҚ ПОШТАСЫ
Еңбекке жарамсыздық уақытында қызметкерді жұмысберушінің жұмысқа шақыруы заңды ма?
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығымен бекітілген «Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларының» 2-тармағы 2)-тармақшасына сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық парағы бұл адамдардың еңбекке уақытша жарамсыздығын куәландыратын, жұмыстан уақытша босату және еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақы алу құқығын растайтын құжат.
Тиісінше, еңбекке жарамсыздық парағы қызметкердің еңбекке жарамсыздығын растайды және еңбекке жарамсыздық парағы ашылған күннен бастап жұмыс беруші қызметкер тарапынан тиісті ақпараттандырылған кезде оны жұмысқа тарта алмайды.