КӘСІПОДАҚ ПОШТАСЫ
Отбасылық жағдайға байланысты жалақы сақталмайтын демалыс сұрап едім, жұмыс беруші оның берілмейтінін айтып, бас тартты. Жұмыс берушінің осы әрекеті заңды ма?
Жалақы сақталмайтын демалыстың берілу тәртібі мен шарттары ҚР Еңбек кодексінің 97-бабында белгіленген.
Жұмыс беруші жұмыскердің хабарламасы негізінде күнтізбелік 5 күнге дейін келесі жағдайларда жалақы сақталмайтын демалыс беруге міндетті:
1) неке тіркелгенде;
2) бала туылғанда;
3) жақын туыстары, сондай-ақ зайыбы (жұбайы) және (немесе) олардың жекжаттары (ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (қарындастар), ата-аналары (ата-анасы), балалары, атасы, әжесі, немерелері) қайтыс болғанда;
4) еңбек, ұжымдық шарттарда көзделген өзге де жағдайларда.
Сонымен қатар, жұмыс беруші жұмыскерге тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдарда болған кезеңде жалақы сақталмайтын, күнтізбелік 30 күннен аспайтын демалыс беруге міндетті.
Жоғарыда көрсетілген жағдайларда жұмыс беруші Кодексте белгіленген тәртіпті сақтай отырып, жалақы сақталмайтын демалыс беруге міндетті!!
Басқа себептерде жұмыс жалақы сақталмайтын демалысты беру жұмыс берушінің міндеті емес, құқығы.
Осы ретте, демалыс берілетін жағдайда оның ұзақтығы жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша айқындалады.