ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КЕЗЕКТІ СЕМИНАР ТҮРКІСТАНДА ӨТТІ
Түркістан қаласында «Еңбек қатынастарын реттеудегі әлеуметтік әріптестіктің рөлі: еңбек қатынастары, педагогтарды аттестаттаудан өткізу қағидалары бойынша салалық заңнаманың қолданылуы» тақырыбында семинар-кеңес өтті.
Семинар жұмысына оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы А.Мұқашева, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ өкілі Г.Мұхамбетжанова, Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының кеңесшісі Г.Балгабаева, сондай-ақ салалық кәсіподақтың құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы Р.Қыдырбаева қатысып, мазмұнды баяндамалар жасады.
Салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашева кәсіподақтың ағымдағы қызметі мен негізгі бағыттары туралы кеңінен ақпарат берді.
Шара барысында педагогтарды аттестаттаудан өткізу тәртібіндегі өзгерістер, педагогтардың үздіксіз кәсіби дамуына арналған «Ұстаз» ұлттық платформасының мүмкіндіктері, қосымша білім беруді дамытудың 2025–2029 жылдарға арналған тұжырымдамалық негіздері, сондай-ақ білім беру ұйымдарындағы еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша жан-жақты түсіндірмелер берілді.
Сұрақ-жауап сессиясы кезінде педагогтар мен кәсіподақ активі күнделікті тәжірибеде кездесетін мәселелерді көтеріп, нақты құқықтық кеңестер мен практикалық ұсыныстар алды.
Семинар қорытындысында Түркістан облыстық ұйымының төрағасы Жандос Шайдолла өзекті мәселелер бойынша педагогтарды жергілікті кәсіподаққа белсенді түрде жүгінуге шақырды.
Семинар-кеңес білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестікті нығайтуға, еңбек қатынастарын қолданыстағы заң талаптарына сәйкес реттеуге және педагогтардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған маңызды алаң ретінде өтті.
-
Фото
-