МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛАПТАР ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы № 30 Заңына сәйкес жұмыс берушінің тікелей міндеті болып табылады.
Заңның 2-бабының 2-тармағына сәйкес, ерікті сақтандырудың болуы жұмыс берушіні міндетті сақтандыру шартын жасасу міндетінен босатпайды.
Заңның 8-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, сақтанушы міндетті сақтандыру шартын белгіленген мерзімде сақтандырушымен жасасуға міндетті.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 26 қаңтардағы № 14 бұйрығымен бекітілген Қағидалардың 4–6-тармақтарына сәйкес, міндетті сақтандыру шарты жасалғаны туралы мәліметтер сақтандырушы тарапынан Сақтандырудың дерекқорына енгізіледі және «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік» ақпараттық жүйесіне автоматты түрде беріледі.
Аталған талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілік Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 230-бабында көзделген:
230-баптың 1-бөлігі — сақтандыру ұйымының міндетті сақтандыру шартын жасасудан жалтаруы 300 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады;
230-баптың 2-бөлігі — міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті тұлғаның шарт жасаспауына байланысты:
жеке тұлғаларға — 10 АЕК;
o лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне және коммерциялық емес ұйымдарға — 160 АЕК;
орта кәсіпкерлік субъектілеріне — 400 АЕК;
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне — 1000 АЕК айыппұл салынады;
230-баптың 3–6-бөліктері сақтандыру деректер базасына мәліметтерді ұсынбау, шарт талаптарын, сақтандыру сомаларын немесе сақтандыру сыйлықақыларын заңнама талаптарына сәйкес келмейтін түрде белгілеу үшін сақтандыру сыйлықақылары сомасының 100 пайызына дейін, бірақ 1000 АЕК-тен аспайтын мөлшерде айыппұл салуды көздейді.
Міндетті сақтандыру туралы заңнама талаптарын сақтау – бұл құқықтық міндет қана емес, сонымен қатар қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғаудың маңызды элементі.