ОҚУШЫЛАР ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ФОРМАТЫНА АУЫСТЫРЫЛҒАН КЕЗДЕ ПЕДАГОГТАР ДА ҚАШЫҚТАН ЖҰМЫС ІСТЕЙ АЛАДЫ МА?
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 28-бабына сәйкес, жұмыстың орындалатын орны еңбек шартында көрсетіледі (әдетте білім беру ұйымының атауы мен мекенжайы жазылады).
Сонымен қатар, Еңбек кодексінің 33-бабына сәйкес, еңбек шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге болады, олар қосымша келісім жасау арқылы жазбаша түрде рәсімделеді.
Яғни, жұмыс беруші мен жұмыскердің өзара келісімі болған жағдайда, еңбек шартына жасалатын қосымша келісімде мынадай мазмұндағы тармақты енгізуге болады: қашықтан жұмыс істеу кезеңінде жұмыскердің жұмыстың орындалатын орны белгіленеді (үй мекенжайы көрсетіледі).
Қашықтан жұмыс істеу кезіндегі жұмыскердің жұмыс уақытын есепке алу мен бақылау ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен айқындалады.
Қашықтан жұмыс істеу кезеңінде жұмыскер жұмыс берушінің қоңырауларына, электрондық хаттарына және сұраныстарына жауап беруге міндетті.
Ақтөбе облыстық ұйымы