🔹ОҚУ-АҒАРТУ САЛАСЫНДАҒЫ САЛАЛЫҚ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ
Бүгін, 18 ақпанда, Кәсіподақтар федерациясының ғимаратында Оқу-ағарту саласындағы әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Салалық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырысқа Оқу-ағарту министрлігі өкілдері, салалық кәсіподақтар мен жұмыс берушілер бірлестіктерінің өкілдері қатысты.
Комиссия жұмысы төрағаны сайлаудан басталды. Салалық комиссия мүшелері бірауыздан Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Тұрғанбайқызы Мелдебекованы Комиссия төрағасы етіп сайлады.
Отырыс барысында «Оқу-ағарту саласындағы әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Салалық комиссияның 2025 жылға арналған жұмыс жоспарының орындалуы туралы» ақпарат тыңдалды.
Күн тәртібінде қаралған мәселелердің қорытындысы бойынша Комиссияның 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.
Комиссияның ағымдағы жылы іске асыратын негізгі іс-шараларының қатарында - 2027–2029 жылдарға арналған Оқу-ағарту саласы қызметкерлері үшін еңбек жағдайларын, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік кепілдіктерді айқындайтын әлеуметтік әріптестік жөніндегі Салалық келісім жобасын әзірлеу бар. Тараптар жақын уақытта жұмыс тобын құрып, құжат жобасын әзірлеуге кірісуге уағдаласты.
Отырыс соңында Оқу-ағарту бірінші вице-министрі - Салалық комиссия төрағасы Майра Мелдебекова артылған сенім үшін алғысын жеткізіп, оқу-ағарту саласындағы өзекті мәселелерді шешу бағытында тараптардың алдағы уақытта да сындарлы ынтымақтастығы жалғасатынына сенім білдірді.
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының баспасөз қызметі
-
Фото
-