КӘСІПОДАҚТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының бастамасымен Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжі мен Ақтөбе индустриялды-кәсіптік колледжінің ұжымы үшін «Еңбек даулары, олардың туындау себептері. Келісу комиссиясында еңбек дауларын шешу тәртібі» тақырыбында оқыту семинар өтті.
Семинарға кәсіподақ мүшелері мен келісу комиссиясының мүшелері, кадр қызметкерлері, кәсіподақ төрағалары қатысты. Кездесу барысында еңбек дауларының алдын алу, әлеуметтік әріптестік тетіктерін жетілдіру бағытындағы тәжірибелер мен нақты мысалдар талқыланды.
Іс-шара барысында облыстық ұйым заңгерлері еңбек заңнамасындағы соңғы өзгерістерге тоқталып, білім беру ұйымдарында жиі кездесетін еңбек қатынастарына байланысты мәселелерді атап өтті. Сонымен қатар кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын қорғау, дау туындаған жағдайда оны заң аясында шешу жолдары түсіндірілді. Келісу комиссиясының жұмыс тиімділігін арттыруға қатысты құқықтық ұсыныстар да берілді.
Қорытындылай келе, облыстық кәсіподақ ұйымының өкілдері алдағы уақытта да педагогтардың әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғау, сондай-ақ құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасатынын жеткізді.
-
Фото
-