ҰСТАЗ ЕҢБЕГІНЕ ҚҰРМЕТ
Ақтөбеде Темір аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен «Ұстаз еңбегіне құрмет» тақырыбында салтанатты марапаттау шарасы өтті. Бұл тағылымды іс-шараның басты мақсаты – ұстаздардың қажырлы еңбегін бағалау, олардың қоғамдағы мәртебесін көтеру және жас ұрпақтың ұстазға деген құрметін арттыру болды.
Аталған шара барысында педагог мамандығының маңыздылығы кеңінен насихатталып, білім беру саласында аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздардың жетістіктері ерекше атап өтілді. Кездесу барысында ұстаздарға деген құрмет пен ризашылық ерекше сезіліп, олардың қоғамдағы рөлі айқын көрініс тапты.
Шара соңында бірқатар ұстаздарды аудандық білім бөлімі басшысы Болатбек Иманғалиев пен кәсіподақ ұйымының төрағасы Назгүл Сабенова құттықтап, бірлескен Алғыс хаттармен марапаттады. Сонымен қатар, кәсіподақ ұйымы тарапынан «Сарыағаш» шипажайына жолдамалар сертификаттары мен гүл шоқтары табысталды. Бұл – ұстаздардың еңбегіне көрсетілген зор құрметтің нақты дәлелі. Сондықтан да білім мен тәрбие жолында аянбай еңбек етіп жүрген жандардың еңбегі әрдайым жоғары бағаланып, лайықты ілтипатқа ие бола бермек.