КӘСІПОДАҚ ПОШТАСЫ
Білім беру ұйымында 1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электростанциясы апаты зардабын жою жұмыстарына қатысқан ІІІ топ мүгедектігі бар қызметкер жұмыс істейді. Осы қызметкердің негізгі ақылы еңбек демалысына қосымша демалыс беріле ме?
Чернобыль атом электростанциясының апатынан және басқа да радиациялық апаттардың зардабынан азап шеккен тұлғаларға және Чернобыль атом электростанциясы апаты зардабын жоюға қатысқан, салдарынан денсаулығына қатысты мүгедектілігі бар қызметкерлерге заңнамалық деңгейде қосымша ақылы демалыс қарастырылмаған.
ҚР Еңбек кодексінің 89-бабы 1- тармағының 1), 2)- тармақшаларына сәйкес ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды немесе қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерге Өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізбесіне, сонымен қатар I және П- топтардағы мүгедектігі бар тұлғаларға ұзақтығы кемінде күнтізбелік 6 күн болатын жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары беріледі.
ҚР «Ардагерлер туралы» заңның 6-бабына сәйкес 1986 – 1987 жылдары Чернобыль АЭС апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдар
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер деп танылады.
Осы Заңның 11-бабында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген тұлғаларға ұсынылаған 12 түрлі әлеуметтік қолдау шараларында қосымша ақылы еңбек демалысы қарастырылмаған. ( ҚР «Ардагерлер туралы» заңының сілтемесі: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2000000322).